«Бақытты балалық шақ» эстафетасы ұйымдастырылды

    «Бақытты балалық шақ» эстафетасы ұйымдастырылды

    15–20 тамыз аралығында облыс аумағында өтіп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Жуалы аудандық полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, «Тау самалы» балалар сауықтыру лагерінде «Бақытты балалық шақ» атты эстафета ұйымдастырды. Іс-шараға білім беру саласының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Эстафета барысында балалар белсенділік танытып, түрлі спорттық және көңілді сайыстарға қатысты. Шараның басты мақсаты - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары