Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы жанар-жағармай және газ құю бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бекет қызметкерлеріне жанармай мен газдың тез тұтанғыш әрі өрт қаупі жоғары заттар екені түсіндіріліп, өрттің алдын алу шаралары айтылды. Автокөлік жүргізушілеріне жанармай немесе газ құю кезінде қозғалтқышты өшіру, темекі шекпеу, ашық от пен ұшқын шығаратын құралдарды пайдаланбау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеру, электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және эвакуациялық жолдарды бос ұстау қажеттігі айтылды.
Жамбыл облысы ТЖД