Есіл қалалық қоғамдық кеңесі отбасылық әл-ауқат мәселелерін талқылады.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Есіл қалалық қоғамдық кеңесі отбасылық әл-ауқат мәселелерін талқылады.

    2026 жылдың 12 маусымында Есіл қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Отырыс аясында Есіл ауданының ПБ-да тұрмысы нашар отбасылар ретінде есепте тұрған бірнеше отбасы бойынша материалдар қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері қалыптасқан жағдай мен аталған отбасыларға қажетті қолдау көрсету шараларын талқылады.

    Азаматтармен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға және отбасылық әл-ауқатты жақсартуға бағытталған профилактикалық әңгімелер өткізілді.

    Отбасылық қолайсыздықтың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс тиісті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары