ТАЛАСТА УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КАСКАДТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

    ТАЛАСТА УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КАСКАДТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Қаратау қаласындағы “Ұлбике ақын атындағы” мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесінің теориялық-практикалық аспектілері және сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруді ұйымдастыру» тақырыбы бойынша каскадтық оқыту-семинары өтті.
    Оқыту жұмыстарына Талас аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссия мүшелері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының мүшелері, комиссия мүшелеріне қаралған резервтік құрам және БАҚ өкілдері қатысты.
    Семинардың мақсаты – аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, сайлау заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сайлау процесі кезінде құқықтық нормаларды қолдану.

    Семинарды Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров ашып, қатысушыларды семинар-тренинг бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістерге тоқталды.

    Дәріскерлер, «Сайлауды өткізуде даярлық барысын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етудегі онлайн-платформалар мен әлеуметтік желінің қолданысы туралы», «Дауыс беруді ұйымдастыру, дауыс беру қорытындыларын анықтау және дербес деректерді жою», «Байқаушы, сенім білдірген адамдар, БАҚ өкілдерімен жұмыстың негізгі аспектілері», «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері», «Сайлау процесіндегі жауапкершілік және сайлау заңнамасында орын алған өзгерістер туралы» тақырыптарда дәрістер оқып, оқытылған тақырыптарды практикалық тұрғыда шыңдау мақсатында учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен ситуациялық сұрақтарға талқылау жүргізді. Сонымен қатар оқыту барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері топтарға бөлініп, Kahoot платформасы арқылы викториналық сұрақтарға жауап берді.

    Семинардың қорытындысы бойынша бағдарламаға сәйкес оқытылған тақырыптарды бекіту мақсатында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінен тест алынып, сертификаттар табысталды.

    Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары