Ақтауда жаңа бағдаршамдар орнатылуда

    Ақтауда жаңа бағдаршамдар орнатылуда

    Ақтау қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

    Қала аумағындағы 5 жаңа жаяу жүргіншілер өткеліне батырмалы бағдаршамдар орнатылып жатыр. Аталған бағдаршамдар жаяу жүргіншілердің жолдан қауіпсіз өтуіне мүмкіндік беріп, көлік қозғалысын реттеуге бағытталған.

    Сонымен қатар 9 автомобиль жолы қиылысындағы ескі бағдаршамдар жаңартылуда. Жаңа нысандар жол қозғалысын реттеудің тиімділігін арттырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Аталған жұмыстар қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру бағытында жүзеге асырылуда.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары