Ақтауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында құрылыс жұмыстары басталды

    Ақтауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында құрылыс жұмыстары басталды

    Ақтау қаласында 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындар тарапынан ұсынылған бірқатар жобаны іске асыру жұмыстары басталды.

    Қазіргі таңда 5-шағын аудан, 42-үй аумағында балалар ойын алаңының құрылысы толық аяқталды. Жаңа алаң тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада ойнауына мүмкіндік береді.

    Аталған жоба аясында қала аумағында тұрғындар ұсынған өзге де нысандардың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары