Қызметкерлердің психологиялық денсаулығы, жедел ішек инфекциялары және кене энцефалитінің алдын алу бойынша семинар өткізілді

    Қызметкерлердің психологиялық денсаулығы, жедел ішек инфекциялары және кене энцефалитінің алдын алу бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 14 тамызда Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» Атбасар жол дистанциясының қызметкерлерімен «Қызметкерлердің психологиялық денсаулығы: стресс пен эмоционалдық сарқылудың алдын алу», «Жедел ішек инфекцияларының алдын алу», «Кене энцефалитінің алдын алу» тақырыптарында семинар өткізді. Семинар барысында жұмысқа байланысты стресс, оның негізгі себептері мен шамадан тыс стресс белгілері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қызметкерлердің психологиялық денсаулығын сақтау, жұмыс жүктемесін тиімді бөлу, уақытылы демалу, эмоционалдық жағдайға көңіл бөлу және ұзақ уақытқа созылған эмоционалдық шаршау кезінде қажетті қолдауға жүгіну мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ жедел ішек инфекциялары мен кене энцефалитінің алдын алу шараларына, жеке бас гигиенасын сақтау және инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларға назар аударылды. Семинар соңында қызметкерлерге санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары