АЭХА деректер базасындағы статистикалық ақпарат

    АЭХА деректер базасындағы статистикалық ақпарат

    Бүгінгі таңда әлемнің 31 елінде 417 ядролық реактор пайдаланылуда, олардың жалпы таза электр қуаты шамамен 379,6 ГВт құрайды. Пайдаланылып жатқан 417 ядролық реактордың басым бөлігін қысымды су реакторлары құрайды – олардың саны 308, ал жалпы электр қуаты 298 ГВт-қа жетеді.

    Сонымен қатар, 17 елде тағы 77 ядролық реактордың құрылысы белсенді жүргізілуде. Олардың жобалық қуаты 80,7 ГВт-тан асады.

    Пайдаланылып жатқан ядролық реакторлар саны бойынша әлемде Америка Құрама Штаттары көш бастап тұр. Ел аумағында 94 ядролық энергоблок жұмыс істейді. Екінші орында Қытай – 60 реактор. Франция 57 ядролық реакторымен үшінші орында. Жаһандық рейтингте төртінші орында Ресей Федерациясы – елде 34 энергетикалық реактор жұмыс істеп тұр. Үздік бестікті Корея Республикасы түйіндейді: қазіргі уақытта елде 26 атом энергоблогы коммерциялық пайдалануда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі" жаңалықтары