"Мемлекеттік тіл - менің тілім"

    "Мемлекеттік тіл - менің тілім"

    Қазақстан Республиксының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шiлдедегі N 151 қабылданып бекітілді. Тіл мәселесі жайында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңында» Қазақстан халқын топтастыру аса маңызды факторлардың бірі, мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр бір азаматының парызы болып саналады.
    Әрбір мемлекет өзінің мемлекеттік тілімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тіл.
    Мемлекеттік тілдің жақсы дамуына басты себепкерлер – мемлекеттік қызметкерлер. Сондай - ақ ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеру жөнінде тиісті талаптар белгілеу керек. Қазақстан халықының тілдері жаксы дамуы үшін қажетті жағдайлардың іс жүзінде қамтамасыз етілуі - ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің барлығына арнап мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Қазіргі таңда тілді дамыту үшін мемлекет тарапынан өте көп мүмкіндіктер қарастырылған. Теледидар, радио, газеттер арқылы мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар, жаңа айдарлар жазылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың барлығында құжат айналымдар қазақ тілінде жүргізілуде
    Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы. Мемлекеттік тілдің жұмыс істеу саласын кеңейту процесі шын мәнінде жүріп жатыр және тәуелсіздік алғалы оң өзгерістерге қол жеткізгендігіміз айқын.
    Қазақ тілін одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023 - 2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
    Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді толық іске асыру үшін жағдайлар жасау мен тілдерді қолдану мен дамытудың өзекті проблемаларын шешу үшін құқықтық және институционалдық негізі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының келешекпен сабақтас негізін қалады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары