«Шекарасыз өнер» облыстық шығармашылық фестивалі

    «Шекарасыз өнер» облыстық шығармашылық фестивалі

    «АРДОС-Жүрек» ҚБ Солтүстік Қазақстан облысының мүгедектігі бар азаматтарын «Шекарасыз өнер» облыстық шығармашылық фестиваліне қатысуға шақырады!

    Фестиваль – өз талантыңызды танытуға, шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетуге, жаңа әсерлер алуға және пікірлес жандармен танысуға мүмкіндік береді.

    Шығармашылық бағыттар:

    🎤 Вокалдық өнер;

    💃 Хореографиялық өнер;

    🎸 Аспаптық өнер;

    🧶 Декоративтік-қолданбалы өнер;

    🎨 Бейнелеу өнері;

    🎭 Көркемсөз.

    Жас ерекшеліктері:

    • балалар – 18 жасқа дейін;
    • жастар – 18-ден 35 жасқа дейін;
    • ересектер – 35 жастан бастап.

    📅 Өткізілетін күні: 2026 жылғы 15 қазан

    📍 Өтетін орны: Петропавл қаласы

    ⏰ Өтетін уақыты мен орны: қосымша хабарланады.

    📝 Өтінімдер 2026 жылғы 2 қазанға дейін қабылданады.

    Дарынды қатысушыларды өз қабілеттерін көрсетуге және өнердің шын мәнінде шекарасы жоқ екенін дәлелдеуге шақырамыз!

    Эл. почта: [email protected];

    Байланыс телефоны.: 8-700-667-32-91 - Исакова Сабина


    Шекарасыз өнер

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жаңалықтары