ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЕЛУ ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 13 тамыз күні жергілікті уақыт 17:00 де, Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясының жалпы отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы, қала әкімі, мәселесі бойынша шақырылғандар қатысты. Депутаттар сессияның күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелерді талқылады.
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №551 «2026 – 2028 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.Қанатбаева – Шалқар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2) Шалқар аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Хабарламашы: А.Бәшбаева – Шалқар аудандық мәслихатының аппаратының басшысы.
Сессия соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.









