Қостанай облысы Қарабалық аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы туберкулездің алдын алу және оны ерте анықтау әрбір азаматтың денсаулығын қорғауда ерекше маңызға ие екенін еске салады.
Туберкулез – туберкулез микобактериясы (Кох таяқшасы) қоздыратын жұқпалы ауру. Көбіне өкпені зақымдайды, алайда инфекция бүйрек, сүйек, ми және басқа да ағзаларды зақымдауы мүмкін.
Аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілер байқалмауы ықтимал. Сондықтан профилактикалық тексерулерден уақытылы өту аса маңызды. Туберкулезге тән негізгі белгілерге ұзаққа созылған жөтел, кеуде қуысының ауыруы, әлсіздік, тез шаршағыштық, дене салмағының төмендеуі, дене қызуының көтерілуі және түнгі тершеңдік жатады. Осындай белгілер байқалған жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
Туберкулездің алдын алудағы ең тиімді тәсілдердің бірі – БЦЖ вакцинациясы. Бұл екпе Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілген. Вакцина жаңа туған нәрестелерге өмірінің 2–4 тәулігінде медициналық тексеруден кейін, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі.
Туберкулезді ерте анықтауда флюорографиялық тексерудің маңызы зор. Өкпені флюорографиялық тексеру 15 жастан бастап жылына кемінде бір рет тұрғылықты жері немесе тіркелген емханасы бойынша тегін жүргізіледі.
Уақтылы вакцина алу, профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты өту және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туберкулезді ерте кезеңде анықтауға, дер кезінде емдеуді бастауға және инфекцияның таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Туберкулездің алдын алу және ерте анықтау – қоғамдық денсаулықты сақтаудың маңызды шарты
Ұқсас материалдар

Ұлттық мектеп лига жарысы
Нұра ауданының білім бөліміАшу
Қазақстан БҰҰ алаңында балалар құқықтарын қорғау бойынша есебін ұсынды
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа тәртібі
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Диана Ерлан Алматы балалар омбудсмені қызметінен кетті
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
""Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары

Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді
Қарабалық ауданының әкімдігіАшу
Қарабалық ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның
Қарабалық ауданының әкімдігіАшу
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді
Қарабалық ауданының әкімдігіАшу
Дератизация: кеміргіштермен күресу шарасы
Қарабалық ауданының әкімдігіАшу
Бруцеллез, алдын алу шаралары
Қарабалық ауданының әкімдігіАшу