АУДАНДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    АУДАНДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    🔰Құрылысшы күні - бұл жай ғана мереке емес, елдің дамуына зор үлес қосып жүрген осы саладағы әр адамның еңбегінің маңыздылығын дәріптеу. Еліміздің экономикасын дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және халықты баспанамен қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген сәулетшілер, инженерлер, тас қалаушылар мен барлық жұмысшылардың еңбегін ұлықтау баршамызша үлкен абырой, әрі міндет.

    🔰Осы орайда, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытов құрылыс саласы қызметкерлерін қабылдады. Жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы ауданымыздағы салынып жатқан құрылыс нысандары артып келе жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, барша сала мамандарын мерекемен құттықтап, отбастарына амандық тіледі. Ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық дамуына қосып жүрген үлесі үшін бірқатар азаматтарға "Ауданға сіңірген еңбегі үшін", "Ауданның Құрметті ардагері" төсбелгілері, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарысу ауданының әкімдігі" жаңалықтары