Теологтарға арналған оқыту семинары

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    13 тамызда Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің теолог-мамандарына арналған оқыту семинарын өткізді.

    Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде профилактикалық және консультативтік жұмыстар жүргізетін мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

    Семинар барысында қатысушылар діни қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, деструктивті діни ағымдардың белгілерін анықтаудың заманауи тәсілдерін қарастырып, сондай-ақ теологтардың сотталғандармен жұмыс жүргізуіндегі қызметінің практикалық аспектілерін талқылады. Бас бостандығынан айыру орындарында радикалды идеологияның таралуының алдын алу және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Осындай оқыту іс-шараларын өткізу мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, практикалық тәжірибе алмасуға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары