
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр желілері мен құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерін бөгемеу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, өрт сөндіргіштерді дұрыс пайдалану тәртібі көрсетіліп, өрт болған жағдайда алғашқы әрекеттер бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
Жамбыл облысы ТЖД









