
Мемсараптама» РМКмемлекеттік сараптамағаұсынылатын жобалау құжаттамасыныңтолықтығын тексеруге арналған жасандыинтеллекттехнологияларына негізделген пилоттық модульдіенгіздіҚазіргі уақытта мемлекеттік сараптамағакеліп түсетін барлық жобалар жаңа цифрлықшешімнің көмегімен міндетті түрде алдыналатексеруден өтеді
Жасанды интеллект модулін енгізу нәтижесінде жобалау құжаттамасының толықтығын тексеру мерзімі бес жұмыс күнінен екі жұмыс күніне дейін қысқарды. Бұл өтініш берушілерге анықталған ескертулер туралы ақпаратты жедел алуға, ал ұсынылған материалдар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда сараптаманың келесі кезеңдеріне тезірек өтуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект модулі жобалау құжаттамасының құрамын, рұқсат беру құжаттарының өзектілігі мен қолданылу мерзімін, олардың нақты жобаға тиесілігін, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкестігін автоматтандырылған түрде тексереді.
Аталған шешім қолданыстағы құрылыс нормалары, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары және «Мемсараптама» РМК мамандарының тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді. Модульдің негізінде компьютерлік көру, мәтінді оптикалық тану және құжаттардың құрылымы мен мазмұнын талдауды қамтамасыз ететін тілдік модельдер технологиялары қолданылады.
Пилоттық жасанды интеллект модулі ұлттық суперкомпьютердің есептеужүйесіндежұмыс істейді және QPortal.kz платформасымен интеграцияланған. Егер жоба құжаттардың толықтығын тексеру кезеңінде кері қайтарылса, өтініш беруші «ЖИ нәтижелері» батырмасын басу арқылы жасанды интеллект анықтаған ескертулермен таныса алады.
Жасандыинтеллектжобалау құжаттамасыналдыналаталдау құралы ретінде пайдаланыладыЖобаны мемлекеттік сараптамаға қабылдау немесекері қайтару туралы түпкілікті шешім белгіленгенрәсімдерге сәйкесМемсараптама» РМКмамандары тарапынан қабылданады
Пилоттық жасандыинтеллектмодулін енгізу мемлекеттік сараптамаға жобаларды қабылдаутүдерістерін цифрлық трансформациялаудыңалғашқы кезеңіБұл шешімді іске асырусараптамалық қызметтің тиімділігін арттыруғажәне құрылыс саласын одан әрі цифрландыруғабағытталған
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1272545?lang=kk







