Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты
Аққайнар ауылында ауыз сумен қамтамасыз ететін орталықтандырылған су жүйесіне қосымша ұңғыма қазу жұмыстары аяқталды. Бүгін аталған ұңғыманы іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар ауылдың кейбір үйлеріне ауыз судың жеткілікті мөлшерде берілмеуіне байланысты туындаған су тапшылығын шешу мақсатында қолға алынды. Алдағы күндері ұңғыманың жұмысы бақылауда ұсталып, оның тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






