Құрметті аудан жастары!
Сіздерді бүгінгі халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – елдің ертеңін айқындайтын, қоғамның жаңаруына тың серпін беретін жасампаз күш. Қай заманда да мемлекеттің келешегі білімді, білікті әрі отаншыл ұрпақтың қолында. Сондықтан бүгінгі жастың ізденісі мен талпынысы – ертеңгі ел жетістігінің негізі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жастар – еліміздің ең басты капиталы», – деп атап өткен болатын. Бұл сөз жас буынға артылған үлкен сенім мен жауапкершілікті айқын аңғартады. Бүгінде білім алып, еңбек етіп, кәсіп бастап, ғылым мен мәдениетке, спорт пен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген жастарымыздың әрбір жетістігі – ел дамуына қосылған қомақты үлес.
Туған жердің өркендеуіне атсалысып, ел игілігі үшін еңбек ету – әрбір жас үшін үлкен мәртебе. Сіздердің тың идеяларыңыз бен батыл бастамаларыңыз, ізденіс пен еңбекке деген ұмтылыстарыңыз қоғамның алға жылжуына жол ашады.
Қадірлі жастар!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, білім мен еңбекте толағай табыс тілеймін! Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Әрбір бастамаңыз нәтижелі болып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болғай. Егемен еліміздің жарқын болашағын бірге қалыптастыра берейік!
Жастар күні құтты болсын!
АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ 12 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!
Ұқсас материалдар

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: ЖИ-көмекші ұсынған бос жұмыс орындары арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіАшу
Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
«1 кітап – 1 өмірлік сабақ» аудандық эссе байқауы өтті
Ашу
Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасыАшу
"Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдәрия ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары
ТЕМІРЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдәрия ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуСЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТҰРАҚТЫ ӨСІМ КӨРСЕТТІ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдәрия ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуАГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА ЖЫЛ САЙЫН ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдәрия ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуСЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдәрия ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуАУДАН ХАЛҚЫ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдәрия ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу