Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

    2026 жылғы 11 тамызда Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

    Сессияда депутаттар Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының, Пригородный, Приречный, Ырсай ауылдарының, Большевик ауылдық округінің, Тоқтаров ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, мәслихаттың "AMANAT" партиясының депутаттық фракциясы түрінде депутаттық бірлестікті тіркеу туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелерді қарады.

    Жұмысқа Жітіқара ауданының әкімі, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

    Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

    Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары