
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында округ әкімі мен полиция қызметкерінің қатысуымен ауыл аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында елді мекеннің санитарлық тазалығы, қоғамдық орындардың күтімі, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілері және абаттандыру талаптарының сақталуы бақылауға алынды. Сонымен қатар тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндіріліп, тазалық ережелерін сақтау, қоқысты арнайы орындарға шығару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Таза әрі көрікті ауыл - әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Барша тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және туған жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.









