Астанада дрондар кабинетін ұйымдастыру тәжірибесі қаралды

    Астанада дрондар кабинетін ұйымдастыру тәжірибесі қаралды

    Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Астана қаласына жұмыс сапары барысында мектеп базасында ұйымдастырылған дрондар кабинетінің жұмысымен танысты.

    Сапар барысында дрондарды басқару бойынша оқу-жаттығу процесі, кабинеттің материалдық-техникалық жарақтандырылуы және практикалық оқыту мүмкіндіктері зерделенді. Сондай-ақ дрон технологияларын білім беру және азаматтық қорғау салаларында тиімді пайдалану бағыттары талқыланып, дрон технологияларын қолданудың тиімділігіне ерекше назар аударылды.

    Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша дрондарды қолдану тәжірибесін өңірде дамыту, тиісті материалдық-техникалық мүмкіндіктерді жетілдіру және мамандардың практикалық дағдыларын арттыру бағыттары айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" жаңалықтары