Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің міндеттері.

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің міндеттері.

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің міндеттері

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. Жұмыс берушінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

    1. кәсіптік тәуекелді бағалауға және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлеріне ауыстыру арқылы оны барынша азайту және болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
    2. жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге, сондай-ақ өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
    3. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде үш жылда бір рет мерзімді түрде оқытуды және олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
    4. жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, арнайы киім мен аяқ киімді беруді және жөндеуді, профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуғыш және дезинфекциялаушы құралдармен, медициналық дәрі қобдишасымен, сүтпен немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерімен, сондай-ақ жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен белгіленген нормаларға сәйкес қамтамасыз етуге;
    5. алып тасталды;
    6. он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді олар үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр жүктерді тасуға және жылжытуға жібермеуге;
    7. әйелдердің белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр жүктерді қолмен көтеруіне және жылжытуына жол бермеуге;
    8. еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
    9. тоқсанына бір рет еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ жұмыскерлер өкілдерінің жазбаша сұрауы бойынша еңбек жағдайларының, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін мониторингтеу үшін қажетті ақпарат беруге;
    10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге;
    11. мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамалары мен қорытындыларын орындауға;
    12. жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кемінде бес жылда бір рет белгіленген қағидаларға сәйкес мерзімдік аттестаттаудан өткізуге;
    13. алып тасталды;
    14. жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге;
    15. авариялық жағдайдың өршуіне және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер етуіне жол бермеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға;
    16. еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды жүзеге асыруға;
    17. өз қаражаты есебінен міндетті және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, келісімде немесе ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыскерлерді ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуді жүргізуге;
    18. еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге және оның жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыруға;
    19. пайдаланудағы барлық негізгі қорларды қолданыстағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен қағидаларына сәйкес келтіруге.

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау – жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары