Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалындағы демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Демалушыларға табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты тек арнайы белгіленген орындарда жағу, сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамау және қоқысты табиғатта қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, тау өзендері мен су айдындарының маңындағы қауіпсіздік ережелері ескертіліп, балаларды қараусыз қалдырмау, қауіпті жерлерде суға түспеу және мас күйінде суға жақындамау талаптары жеткізілді.
Жамбыл облысы ТЖД