Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

    Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

    2026 жылғы 5 тамызда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен семинар өтті.

    Семинарға департаменттің және оның аумақтық басқармаларының мамандары қатысты.

    Іс-шара барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі талаптарының, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселесі қарастырылды.

    Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын және Әдеп кодексін сақтау туралы. Мемлекеттік қызметшілердің амандасу әдебі мен өзара қарым-қатынаста іскерлік форматты сақтау» тақырыбын қозғады.

    Бұнымен қоса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың себептері мен негіздері, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштердің түрлерін саралау, оларды қарау мерзімдері және тыңдау рәсімі бойынша әдістемелік ұсынымдар қарастырылды.

    Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары