
Мөңке би ауылдық округінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түнгі уақытта олардың заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруінің алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар бақылауға алынып, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және олардың бос уақытын бақылауға шақырамыз.









