
Алтай ауданының әкімі Кұрмамбаев Р.Т. Алтай ауданының, оның ішінде Серебрянск қаласының тұрғындарына көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметіне қатысты мәселелер бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компаниялардың өкілдерімен кеңес өткіздім.
Кездесу барысында тұрғындардың орынды өтініштері мен сын-ескертулерін туындатып отырған жолаушылар тасымалы саласындағы ахуал талқыланды. Қозғалыс кестесінің сақталуы, рейстердің тұрақтылығы, көрсетілетін қызметтердің сапасы және көлік қатынасының үздіксіз қамтамасыз етілуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша халыққа көрсетілетін көлік қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар кезек күттірмейтін шаралар айқындалды. Тасымалдаушыларға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою, бекітілген қозғалыс кестесін қатаң сақтау және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру ұсынылды.
Аталған мәселе толық шешімін тапқанға дейін тұрақты бақылауда болады.









