TikTok-тағы заң бұзушылық: қызылордалық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    TikTok-тағы заң бұзушылық: қызылордалық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғандығы анықталды. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Артықбек Айғаным екені белгілі болды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып,оған айыппұл салынды. Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген. ЗАҢМЕНТӘРТІП

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары