
Ақтау қаласында суағар жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қаладағы орталық көшелер мен жолдардың санитарлық тазалығы күнделікті қамтамасыз етіліп, тазалық жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.
Аталған жұмыстар қала аумағының тазалығын сақтау, инженерлік инфрақұрылымның тиімді жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









