
Іс-шараға Абай облысының жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен мамандары, жастар ұйымдарының жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Воркшоп барысында AI-көмекшілерді, автоматтандыру құралдарын және AI-агенттерді күнделікті жұмыс үдерістерінде тиімді пайдалану жолдары таныстырылды. Қатысушылар Jidek.kz кейсі арқылы қайталанатын процестерді автоматтандыру, уақытты үнемдеу және адам бақылауын сақтаудың маңызын талқылады.
Сонымен қатар, «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен Astana Hub-тың Семей қаласындағы филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.









