Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы4 тамызкүні Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Шакенова шағын бизнес субъектілерінде жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда ұйымдастырылып, барлығы 6кәсіпкерлік нысаны қамтылды.
Іс-шара барысында кәсіпкерлік нысандарында еңбек ететін кәмелетке толмаған жұмыскерлерге еңбек шартын жасасу тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіне қатысты заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді.









