
Полиция қызметкерлері қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға қатысты «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатындағы ішкі істер органдары қызметінің басты ұстанымы – «Заң және Тәртіп» қағидаты болып қала береді.
- Мәселен, Екібастұз қаласында ер адам сауда үйлерінің бірінің маңында
темекі шегіп болғаннан кейін темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастаған. Ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал рәсімделді, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 1181 адам, ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін – 170 адам, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 4813 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдап, «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстана отырып, тұрғындар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосады.








