
Павлодар қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру аясында полиция қызметкерлері абаттандыру қағидалары мен табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
Осылайша, 5 тамыз күні рейдтік іс-шаралар барысында қаладағы бау-бақша серіктестіктерінің бірінде полицейлер құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу фактісінің жолын кесті. Павлодар қаласындағы ЖШС-лардың біріне тиесілі Shacman жүк көлігінің жүргізушісі басшылықтың тапсырмасы бойынша құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төккен.
- Аталған дерек бойынша заңды тұлғаға қатысты материалдар жиналып, қарау және құзыреті шегінде шешім қабылдау үшін Павлодар облысының Экология департаментіне жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.
Азаматтар мен ұйым өкілдерін тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық пен тәртіпті сақтай аламыз.







