
Ағын су - Отырар ауданындағы ауыл шаруашылығының күретамыры. Оны тиімді басқару тек егіс алқаптарын суару ғана емес, бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
«Қызыл Ту» насос станциясы тозығы жеткен ескі қондырғыларға бірнеше рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, олар халықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге қауқарсыз болып келген еді. Аталған мәселе аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының бастамасымен «Қазсушар» РМК басшылығы мен ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің назарына жеткізіліп, станцияға жаңа қондырғылар алу туралы ұсыныс айтылған болатын
Ағымдағы жылдың маусым айында «Қазсушар» РМК тарапынан «Қызыл ту» насос станциясына 3 дана жаңа (2Д-2000-21) насос қондырғылары орнатылды. Бүгінгі таңда «Алтынбеков» каналына қосымша 2,5 м3/сек ағын су босатылып, Қоғам, Қарғалы ауыл округіндегі агроқұрылымдарға кезегімен берілуде.
Жаңа құрылғылардың үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуінің нәтежиесінде, шаруалардың жұмысын жеңілдетіп, биылғы суару маусымының кедергісіз өтуіне септігін тигізеді.









