Астана қаласы әкімдігінің №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне 2026-2027 оқу жылына балаларды топтастыру басталады

    Құрметті ата-аналар!

    2026 жылғы 11 тамыздан бастап Астана қаласы әкімдігінің №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне 2026-2027 оқу жылына балаларды топтастыру басталады.

    Мекенжайы: Көктал-1тұрғын алабы, Көкжиек көшесі 4.

    Топтастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген Алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады.

    Осыған байланысты төмендегі талаптарға назар аударуларыңызды сұраймыз:

    - ED24.kz мобильді қосымшасын орнатып, авторизациялау;

    - «INDIGO - электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке қолжетімділікті тексеру (логин мен құпиясөздің өзекті екеніне көз жеткізу);

    - өтініштің мәртебесін тексеру. Өтініш белсенді болуы, мұрағатта болмауы, қолданылу мерзімі өтіп кетпеуі және тоқтатылған мәртебеде болмауы тиіс;

    - алдын-ала балабақшаны таңдап қою.

    Техникалық сүйемелдеу бойынша барлық нұсқаулықтарIndigo24.kz порталындағы«INDIGO – электрондық балабақша» жүйесінің «Пайдалы ақпарат» бөлімінде орналастырылған.

    Назар аударыңыз! Бос орындар алдымен күту парағындағы кезектілікке сәйкес бөлінеді.

    ⚠️ Мектепке дейінгі ұйымда бос орын пайда болған жағдайда ақпараттық жүйе күту парағында бірінші тұрған қызмет алушыға проактивті түрде хабарлама жібереді. Егер қызмет алушы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе, оның өтінімі күту парағынан алынып тасталып, хабарлама кезектегі келесі қызмет алушыға жіберіледі.

    ⚠️ Егер өтінішіңіз белсенді болса, хабарлама белгіленген кезектілікке сәйкес ED24.kz мобильді қосымшасына және «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке жолданады. Алгоритмнің 3-тарауына сәйкес ақпараттық жүйе кезекте бірінші тұрған қызмет алушыға Алгоритмнің 7-қосымшасына сәйкес ваучер беру туралы хабарлама жібереді. Қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ваучерді мектепке дейінгі ұйымда пайдалануға келісімін растайды немесе одан бас тартады.

    ⚠️ Ваучерден бас тартқан жағдайда кезек жойылады.

    ⚠️ Егер 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауап берілмесе, өтініш белсенді емес мәртебеге ауыстырылып, 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн бойы ваучер алуға қатыспайды.

    Баланы балабақшаға қабылдау үшін төмендегі медициналық құжаттарды алдын ала дайындау қажет:

    - баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;

    - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;

    - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052-2/у нысанындағы «Баланың денсаулық паспорты»;

    - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысанындағы медициналық анықтама.

    ⚠️ Ваучерлер автоматты түрде беріледі. Ваучердің берілгені туралы хабарлама ED24.kz мобильді қосымшасына және «INDIGO – электрондық балабақша» жүйесіндегі жеке кабинетке жолданады.

    ⚠️ Туындаған сұрақтар бойынша ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері Көктал-1 тұрғын алабы, Көкжиек көшесі 4 мекенжайында орналасқан №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне жүгіне алады.

    Назар аударыңыз!
    Балабақшаны таңдау барысында №47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚК II обьектісіне таңдау жасау қажет.

    Назар аударғандарыңызға рақмет! Қажетті ақпаратты уақытылы тексеріп, ваучер туралы хабарламаны өткізіп алмауларыңызды сұраймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Білім басқармасы" жаңалықтары