Хабарландыру Көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу туралы

    Хабарландыру Көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу туралы

    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу туралы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) - (әсер ету скринингі) 1-кезеңін жүргізу үшін мынадай құжаттар (әрі – қарай материалдар) келіп түсті:

    - түсіндірме жазба Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу үшін көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингі

    - графикалық материалдар (сипатталатын аумақтың орналасқан жері, тірек жоспары);

    СЭБ материалдарын әзірлеуші: "ГРАДО" жобалық фирмасы "ЖШС.

    СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Бастамашы - «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Скрининг нәтижелері туралы қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

    Жұртшылықты (барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды) мынадай мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

    • Сіздің пікіріңізше, Жобаны іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер ете ала ма және егер солай болса, онда бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге елеулі деп есептейсіз?
    • Сіз СЭБ-тың одан арғы кезеңдерін өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
    • Сізде әзірленіп жатқан Жобаға, оның ішінде Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

    Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: (15 жұмыс күні)

    Байланыс деректері:

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 8

    Экологиялық саясат департаменті

    Тел. 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

    e-mail: [email protected], n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

    Ескертулер мен ұсыныстарды:

    - Экология министрлігі Кеңсесінің эл.адресіне:[email protected] (сіздің құжаттарыңызды Кеңседен мына телефон арқылы алғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44);

    - e-mail: [email protected], [email protected]

    СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

    Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

    Әкімшіліксайтында:

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Риддер қаласының әкімдігі" жаңалықтары