4 тамызда сағат 19: 00 шамасында "102" арнасына Көкшетаудың қоғамдық орындарының бірінде белгісіз ер адам өзін агрессивті ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзуда деген хабар келіп түсті.
Шақыруға жақын маңдағы патрульдік полиция экипажы дереу кетті. Оқиға орынына келген қызметкерлер болып жатқан жағдайға бей-жай қарамайтын кәмелетке толмағандар полицияға қоңырау шалғанын анықтады. Олар полицейлерге құқық бұзушыны көрсетіп, ер адам қатты мас күйінде агрессия көрсетіп, тіпті жанындағы серігіне қол көтергенін айтты.
Ұстау кезінде ер адам дөрекі сөйлеп, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Оған қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік материал құрылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, орта дәрежелі мас күйінде болған оның серігі қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Уақытша ұстау изоляторына жеткізілгеннен кейін, ұсталған адам УҰИ үй-жайындағы раковинаны сындырып, заңсыз әрекеттерді жалғастырды. Мүлікке зиян келтіргені үшін ол ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, сот ер адамға қатысты билік өкіліне тіл тигізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамалды.
Кейінірек белгілі болғандай, бұл күні ер адам мен әйел некені ресми түрде тіркеген. Салтанатты рәсімнен кейін ерлі-зайыптылар бұл оқиғаны атап өткен, бірақ алкогольді ішу полицияның араласуымен аяқталған жанжалға әкелді.
Полиция департаменті бұл кәмелетке толмағандардың уақтылы қоңырауы заңсыз әрекеттерді тез арада тоқтатуға және одан да ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Сондай-ақ, ұсталған адам жақында бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазасын өтеп жатқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны анықталды.
Көкшетауда кәмелетке толмағандардың қоңырауының арқасында полицейлер ықтимал ауыр зардаптардың алдын алды
Ұқсас материалдар

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 1 АЛТЫН, 3 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДЫҚ НИЛУФАР РАЙМОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Алатау ауданында есірткі қылмысының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді
Алатау ауданы әкімінің аппаратыАшу
АИЧИ-НАГОЯДА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
ҚР ТСМАшу
"Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Көкшетауда құқығынан айырылған такси жүргізушісі марихуана қолданып қолға түсті
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Ақмола облысында жылқы иесі жол-көлік оқиғасынан кейін жауапқа тартылды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Ақмола полицейлері шамадан тыс газ шығару жүйелері бар көліктерге назар аударуда
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Көкшетауда полицейлер заңсыз вейп саудасын тоқтатты
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Көкшетауда онлайн-танысу алаяқтықпен аяқталды.
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу