Криминалистің бір күні: үнсіз жұмыс істейтін маман. Бірақ оның еңбегі кейде бүтін бір қылмыстың бетін ашуға себеп болады.

    Криминалистің бір күні: үнсіз жұмыс істейтін маман. Бірақ оның еңбегі кейде бүтін бір қылмыстың бетін ашуға себеп болады.

    Көпшілік фильмдерден көргендей, криминалист саусақ ізін бірнеше секундта тауып, қылмысты бір сәтте ашады деп ойлайды. Алайда шынайы өмір мүлде басқаша.

    Әрбір саусақ ізі, аяқ киімнің табаны, қан тамшысы, талшық немесе көзге көрінбейтін микробөлшек – мұның бәрі мұқият зерттеуді қажет етеді. Кейде бір ғана ізді анықтау үшін бірнеше минут кетсе, күрделі жағдайларда бірнеше сағат, тіпті одан да көп уақыт жұмсалады. Себебі криминалистикада асығыстыққа орын жоқ. Мұнда дәлдік пен ұқыптылық бірінші орында.

    «Әрбір деталь маңызды»
    – криминалист жұмысының басты қағидасы.

    Көпшілік оқиға орнына жалпы көрініспен қарайды. Ал криминалист әрбір сантиметрді, әрбір ұсақ бөлшекті жеке зерттейді. Басқалар байқамаған ізден дәлел табуы, көзге көрінбейтін белгіден оқиғаның қалай болғанын анықтауы – оның кәсіби шеберлігінің көрсеткіші.

    Оқиға орнында ешнәрсе кездейсоқ болмайды. Әрбір із – белгілі бір оқиғаның үнсіз куәсі. Сол үнсіз қалған айғақтарды «сөйлетіп», шындыққа жеткізетін де – криминалист.

    Абай ауданы Мақаншы ауданы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі полиция аға лейтенанты Бағжан Жанымжанова күн сайын осы жауапты қызметті абыроймен атқарып келеді. Ол әрбір оқиға орнында дәлелдемелерді кәсіби түрде анықтап, бекітіп, зерттеуге жолдап, қылмыстың объективті көрінісін қалпына келтіруге өз үлесін қосады.

    Криминалистің жұмысы көпшілікке көріне бермейді. Оның есімі жаңалықтарда жиі аталмауы мүмкін. Бірақ әрбір ашылған қылмыстың артында үнсіз еңбек, шексіз жауапкершілік және әрбір бөлшекке деген ерекше назар жатыр.

    Өйткені шындық көбіне ең кішкентай детальдан басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары