
2026 жылғы 23 шілдеде Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС-нің «Атырау» Ақжайық станциясының қызметкерлері арасында жұмыс орнында дұрыс тамақтануды және дене белсенділігін арттыруды ұйымдастыру тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жұмыс орнында дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін ұйымдастыру қызметкерлердің денсаулығын жақсартып, еңбек өнімділігін арттыратынын түсіндіру, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін орындалуы қажет бірнеше қадаммен таныстыру. Семинар барысында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және дене белсенділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ қажетті құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылды. Семинар барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, өзекті тақырыптар бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.









