«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-жаппай оқыту өткізілді

    «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-жаппай оқыту өткізілді

    2026 жылғы 22 шілдеде Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.А. Исенгельдиннің ұйымдастыруымен Басқарма мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-жаппай оқыту өткізілді.
    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заң талаптарын қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын ұстану болып табылады. Әрбір қызметкердің бойында «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мемлекеттік органдарға деген сенім мен ашықтықтың негізі болып табылады. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әрбір қызметкердің дербес жауапкершілігі түсіндірілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланып, қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары