
Аршалы ауданының полиция қызметкерлері өткен жылдың соңында болған бұрын жасалған қылмысты ашты.
Полицияға алтын зергерлік бұйымдардың жоғалғаны туралы хабарлаған жергілікті тұрғын жүгінді. Тексеру барысында полицейлер алтын білезік, сырға және екі сақина ұрланғанын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау үшін қажетті іс-шаралар кешенін өткізді. Тергеу барысында ұрлық алдында жәбірленуші өз үйінде қонақтарды қабылдағаны және олардың біреуіне күдік түскені анықталды.
Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушіге қонаққа келген Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ұрланған әшекейлердің бір бөлігі Астана қаласының ломбардтарының біріне тапсырылғаннан кейін оның ізіне түсуге мүмкіндік туды.
Одан кейін күдікті Қарағанды қаласында ұсталды. Жәбірленушіге келтірілген залал толығымен өтелді.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімдері қабылданатын болады.
Полиция азаматтарға бейтаныс адамдарды үйге шақырған кезде мұқият болуды ескертеді, сонымен қатар құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.









