Қостанайда жалпы құны 20 млрд теңгеден асатын үш ірі инвестициялық жоба іске асырылуда

    ·
    Қостанайда жалпы құны 20 млрд теңгеден асатын үш ірі инвестициялық жоба іске асырылуда

    Өнеркәсіптік және экспортерлік әлеуетті арттыруға бағытталған үш ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысы сараланды. Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 20 млрд теңгеден асады.

    Іске асырылып жатқан өндірістік нысандар:

    «Вадиса-М» ЖШС — майлы дақылдарды өңдейтін зауыт құрылысы. Бастапқы кезеңде кәсіпорын тәулігіне 500 тонна шикізат өңдесе, кейіннен өндірістік қуаттылығын тәулігіне 1000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.

    «Мибеко» ЖШС — жарма және құрамажем өндіретін кәсіпорынды қайта жаңғырту жобасы. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң өндіріс қуаттылығы тәулігіне 240 тонна өнімге жетеді.

    «Голдман Астана» ЖШС — қайталама шикізатты өңдеу және қағаз өнімдерін шығару зауыты. Кәсіпорын ай сайын 20 млн шаршы метр картон өнімін өндіруді көздеп отыр.

    Аталған жобалар толық қуатына шыққан кезде қалада 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл ауыл шаруашылығы шикізаты мен қайталама ресурстарды өңдеу көлемін едәуір арттырып, өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін нығайтуға серпін береді.

    Жергілікті атқарушы органдар тарапынан инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, жаңа өндірістерді қолдау және Қостанайдың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар әрі қарай да жалғасады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары