«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

    ·
    «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

    Құрметті ата-аналар, ауыл тұрғындары және жанашыр азаматтар!

    2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміз бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.

    Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алу.

    Акция аясында төмендегі заттар түрінде қайырымдылық көмек қабылданады:

    • мектеп формасы;
    • аяқ киім;
    • мектеп сөмкесі;
    • оқу құралдары мен кеңсе тауарлары.

    Әрбір жанашыр азаматтың қолдауы – балалардың сапалы білім алуына қосылған маңызды үлес. Сіздердің көмектеріңіз көптеген оқушының жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына мүмкіндік береді.

    Қайырымдылық жасауға ниет білдірген баршаңызды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

    Акциялар:

    • «Балаға мейірім сыйла!»,
    • «Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар»,
    • «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!» Бір баланың қуанышы – баршамыздың ортақ қуанышымыз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары