
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 17 наурызда Конституцияның қабылдануына арналған салтанатты жиында жаңа Ата Заңды тәуелсіздік пен егемендіктің берік іргетасы, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымас кепілі деп атады. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз біртұтас ұлт ретінде заң мен тәртіп үстемдік ететін әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасады. Бұл — жай ғана мерекелік үндеу емес, жаңа Конституцияның мәнін айқындайтын нақты құқықтық тұжырым.
Президент өз сөзінде жаңа Конституцияны қабылдау — уақыт талабы екенін атап өтті. Референдум барысында бұл бастаманы сайлаушылардың 87 пайызы қолдады. Бұл көрсеткіш дауыс беру нәтижесін ғана емес, қоғамның жүргізіліп жатқан реформаларға деген жоғары сенімін де білдіреді.
Толығырақ https://aqtobegazeti.kz/?p=184724








