Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, қазақстандық самбошы және дзюдошы Мұқанов Азамат «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жас спортшылармен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмаған спортшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру және спорттағы этикалық қағидаларды насихаттау болды.
Кездесу барысында Азамат Мұқанов кәсіби спорттағы тәжірибесімен бөлісіп, спортшы үшін тәртіп, жауапкершілік және адалдықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмаған спортшылардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз спорттық орта қалыптастыру, жаттықтырушы мен спортшы арасындағы өзара құрмет, спорттық әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша мазмұнды әңгіме өрбітті.
Жас спортшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң талаптары мен спорттық этикаға қатысты пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және әділ бәсекелестік қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
#ЗаңменТәртіп




