ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖЕДЕЛ–ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС–ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

    ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖЕДЕЛ–ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС–ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

    2026 жылғы 28–30 шілде аралығында Алматы облысының аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

    Іс-шара жолаушылар тасымалы кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қоюға бағытталған.

    Осыған байланысты жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық жүргізушілер мен тасымалдаушыларды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

    Әрбір қауіпсіз сапар – сіздің жауапкершілігіңізден басталады. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары