📍 Жарлыөзек ауылдық округінде мал ұрлығы бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.

    ·
    📍 Жарлыөзек ауылдық округінде мал ұрлығы бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.

    Жарлыөзек ауылдық округінде рейдтік іс-шаралар өткізілді.

    Рейдтік іс-шара аясында округ әкімі, округ мамандары және полиция қызметкерлері ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтарының басшылары мен жеке қосалқы шаруашылық иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында малды қараусыз жаюға жол бермеу, оны тұрақты бақылауда ұстау, ұйымдастырылған жайылымдарды пайдалану және бақташылардың қызметіне жүгінудің маңыздылығы жөнінде жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, малды бағу мен ұстауға қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, әрбір мал иесінің өз малына жауапкершілікпен қарауы қажеттігі айтылды.

    Тұрғындардың назары бақылаусыз жайылған малдың мал ұрлығының орын алуына жағдай жасайтынына, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы мүмкін екеніне аударылды. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға заң талаптарын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

    Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары