«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

    «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

    Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қазалы ауданындағы Ақжона ауылдық округінде қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

    Кезекті санитарлық тазалық жұмыстары барысында ауыл аумағында қоқыс жиналған орындар тазартылып, бей-берекет төгілген тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар нәтижесінде ауыл келбетін көркейтуге және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

    Сонымен қатар, аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған рейд барысында қоршаған ортаны қорғау, тазалық талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға экологиялық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және табиғатты қорғаудың маңызы жан-жақты түсіндірілді.

    Таза әрі көрікті ауыл – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Сондықтан әрбір азамат туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуы қажет.

    Тазалық – мәдениеттің айнасы. Ақжона ауылдық округінің көркеюі мен тазалығы үшін бәріміз бірге атсалысайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары