«Бір қоңырау шалайыншы...» дегенге сене көрмеңіз!

    «Бір қоңырау шалайыншы...» дегенге сене көрмеңіз!

    Полицияға 10 жастағы баланың ата-анасы арызданып, базар маңында бейтаныс ер адамның баладан «бір қоңырау шалайын» деген сылтаумен ұялы телефонын сұрап алып, оқиға орнынан кетіп қалғанын хабарлаған.
    Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол – 46 жастағы ер адам.
    Күдікті өз кінәсін мойындап, алған телефонды базарда сатып жібергенін түсіндірді.
    Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен тергеу амалдары жүргізілуде.
    Полиция ескертеді: бейтаныс адамның «телефон бере тұрыңыз, қоңырау шалайын» деген өтінішіне сақтықпен қараңыз. Егер шынымен көмек қажет болса, қажетті нөмірге өзіңіз хабарласып беруді ұсыныңыз. Телефонды бөтен адамның қолына ұстата салу – қымбатқа түсуі мүмкін.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары