Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

Сенімгерлік басқару меншік иесіне меншік құқығын сақтай отырып, өз үлесін уақытша басқа тұлғаның басқаруына беруге мүмкіндік береді.
Қызметті рәсімдеу үшін:
- eGov Business қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
- «Құқықтық қатынастар» бөліміне өтіңіз;
- «Заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін таңдаңыз;
- өтініш түрін көрсетіңіз;
- заңды тұлға, сенім білдіруші және сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтерді енгізіңіз;
- үлестің мөлшерін, беру мерзімін және құжат туралы мәліметтерді көрсетіп, оның PDF форматындағы сканерленген көшірмесін тіркеңіз;
- өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірі арқылы қол қойыңыз.
Өтініштің қаралу мәртебесін «Жеке кабинет» - «Тарих» бөлімінен тексеруге болады.








