
Сандықтау ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинар жұмысына Ақмола облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек қатысты. Сондай-ақ іс-шараға ауданның дербес бөлімдерінің басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, білім бөлімі, мемлекеттік архив, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО), ветеринариялық станция және аудандық орталық аурухананың өкілдері қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ осы саладағы заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Кеңеске қатысушыларға жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, тәжірибе алмасу жүргізілді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тиімділігін одан әрі арттыру жолдары талқыланды.








